8 Тарау. Типтік қисықсызықтылықтар

 

Қисықсызықты деп қозғалысы қисықсызықты дифференциялдық теңдеумен сипатталатын жүйелерді атаймыз. Бұл жағдайда жүйенің кейбір меншікті координаталары (немесе олардың уақыт бойынша туындылары) теңдеуге қисықсызықты болып енеді, яғни бірінші дәрежеде емес; немесе теңдеу коэффициенттері координаталардың қисықсызықты функциясы болып табылады.

Қисықсызықты жүйелер суперпозиция принципіне тәуелсіз. Түзу сызықты жабық жүйеде тек бір ғана қозғалыс формасы – тыныштық жағдайына ассимптотикалық жуықтау болса, жабық болымды қисықсызықты жүйелерде өшпейтін тербелістер (автотербелістер) көруге болады. Автотербелістер параметрлері (амплитуда, жиілік) бастапқ шарттарға туәлді емес, ал тек қисықсызықты жүйенің параметрлерінің өзімен анықталады. Автотербелістер формасы жағынан гармоникалықтарға жақын болуы мүмкін, сондай-ақ форма жағынан синусоидальдықтан айрықша релаксациялық автотербелістер бар. Автотербелістерге керекті энергия жүйеге ішкі көздерінен жұтылады. Қисықсызықтылықтар физикалық табиғаты жүйе жасалынған материалдар қасиеттерімен байланысты.

Арнайы енгізілген «пайдалы» деп аталатын қисықсызықтылықтар бар. Олар модуляторлармен, демодуляторлармен, реле, вентильдермен және т.б. құрылады. Осылайша, қасиеті жағынан (конструктивті және эксплутациялық) түзусызықтыдан асатын қисықсызықты жүйелер құрылады. Мысалы, басқарудың релейлік жүйесі, айнымалы құрылымды  және т.б. басқару жүйелері.

 

 

Р

 

+                                                                                         +

 

-                                                                                       +

 

     

  8-1 сурет. Қисықсызықты басқару жүйесінің жылдамдығы бойынша тиімді құрылымдық схемасы

Қисықсызықты жүйелердің негізгі қасиеттері:

1.                 Суперпозиция принципіне сүйенбеу;

2.                 Қисықсызықты жүйелердің тұрақтылығы бастапқа шарттарға тәуелді;

3.                 Қисықсызықты жүйелердің тербеліс жиілігі тербеліс амплитудаларына тәуелді;

4.                 Қисықсызықты жүйелердің еріксіз тербелістерінің амплитудасы және жиілігі кіріс және сыртқы әсер амплитудасы және жиілігіне тәуелсіз.

Қисықсызықтылық кең тараған шын басқару жүйелерінің қасиеттерін көрсетеді, шын жүйелердің көбі қисықсызықты. Қисықсызықты жүйелер ең болмағанда біреуі қисықсызықты элемент (н.э), қалған элементтер түзусызықты  (л.э) болуы мүмкін жабық жүйелер.

 

т.э.

Қ.э.

т.э.

т.э.

  

 

 

 

 

 

 


 

8-2 сурет. Қисықсызықты жүйе

 

 

Қисықсызықты жүйелер құрамына кіретін типтік қисықсызықтылықтарды қарастырайық.